Таңдану, таңырқау, таңғалу, сұқтану, тамсану, ғажаптану

lat: Tańdaný, tańyrqaý, tańǵalý, suqtaný, tamsaný, ǵajaptaný.

Аң-таң болып қызығып қарау, ішіп-жеп тесіле көз тігу. Маған бұрыннан таныстығын білдіріп, Жібектің сөйлесе кеткеніне өзім таңдандым. (Ж. Өмірбеков). Тамара бұлардың кенеттен жетіп келгеніне таңыр- қап, не дерін білмей күйеуіне қарады (А. Жақсыбаев). Мен біреу- дің денсаулығы үшін өз денсаулығын құрбан етушілерге таңғаламын (Қ. Мүхамеджанов). Ол ішінен сқұтана қараған көзін аударып жібер- ді (I. Есенберлин). Атаман кенен дорбадағы уылдырыққа бас бар- мағын бір батырып ап, аузына салды да, тамсана басын шайқады (Ә. Сәрсенбаев). Тахир мұны естіді гажаптанып, Қайрылды кім екен деп көзін салып («Ғашық-наме»),